Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды (видео)
Жол апаты 15 тамыз күні Алмалы ауданы Мақатаев көшесінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Кәугерлер оқиға орнында видеоға түсіріп үлгерген. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қоғамдық көліктің
аялдаманы қиратып кеткенін көруге болады.
“№7 троллейбустың жүргізушісі Сейфуллин көшесімен келе жатып рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан ол аядамаға соғылып, ондағы жаяу жүргінші зардап шекті”, – деп мәлімдеді Алматы полициясы.
Троллейбустағы жолаушылар аман. Ал аялдамада тұрған жаяу жүргінші жеңіл дене жарақаттарын алған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін 8 адамның өмірін жалмаған Ақтөбедегі жол апатына қатысты жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады