Алматыда тау бөктеріндегі коттедж қалашығы сүріледі
Алматыда тау бөктеріндегі коттедж қалашығы сүріледі. Бұл туралы қала әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Бостандық ауданында орналасқан "Алатау-2" бау-бақша серіктестігінде тұрамын. Бұрынғы өзен арнасының орнына, яғни сайда Baganashil Hills коттедж қалашығының құрылысы басталды. Соның салдарынан кейбір көрші үйлердің қабырғасы жарылып жатыр. Бірнеше жылдан кейін бұл барлығына қиындық тудыруы мүмкін, өйткені ол – өзен арнасы", – деді кездесуге келген аудан тұрғыны.
Тұрғын көтерген мәселе бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков сөз алды.
"Бүгінгі күні біз құрылысты бұзу үшін сотқа жүгіндік. Онда 10-ға жуық екі қабатты жеке тұрғын үйдің құрылысы заңсыз басталды. Құрылысқа тыйым салу бойынша талап-арыз дайындалу үстінде", – деді басқарма басшысы.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол сараптама жасалғанына жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы жатыр обырының асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ