Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Сейфуллин даңғылынан 50-ден астам жезөкше ұсталды

Кеше Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың шағымын тыңдап, Сейфуллин даңғылындағы жезөкшелерді тазартуды тапсырған еді. Полицейлер тапсырманы орындап, 50 жеңіл жүрісті қызды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі оңтүстік астананың ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Сейфуллин даңғылынан 50-ден астам жеңіл жүрісты қыз ұсталды

Алматы қаласының әкімінің тапсырмасы бойынша, полиция қызметкерлері Сейфуллин даңғылында жергілікті тұрғындарға интимді қызмет көрсететін қыздарды анықтау үшін жергілікті рейд ұйымдастырды.

"Аудандық полиция инспекторларымен қатар, ЖҚАЖ-дың әскери қызметшілері, сондай-ақ мобильді полиция учаскелері тартылды. Сейфуллин даңғылында 130 адам, оның ішінде ақылы қызмет көрсететін 53 әйел, пәтерді жалдауға беретін 13 адам, жезөкшелерді тасымалдайтын 5 жүргізуші және басқалар ұсталды. 58 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 23-і жезөкшелікпен айналысатын адамдар. Анығын айтсақ,  14 адам - ​​азаматтарды мазалай отыра интимді қызмет ұсынатындар, 5-і кішігірім тәртіпсіздік, 11-і қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, 19-ы қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін және басқа да жағдайлар үшін айыпталды.

Бұдан басқа жезөкшелер қызмет ететін притон анықталды. Оның иесі жезөкшелікпен айналысу үшін белгілі бір үй-жайларды ұсынған. Оған 315 мың 625 теңге айыппұл салынды", - деді Алматы қаласының полиция бөлімі басшысының орынбасары, полковник Ізбасар Бекутров.

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда адам саудасы саласында 13 қылмыс ашылды. Атап айтқанда, жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және қамтамасыз етудің 8 фактісі, жезөкшелікпен айналысудың 3 жағдайы, кәмелетке толмаған адам саудасының 1 фактісі тіркелді. 

Бұған дейін Алматыға әкім болып келген Бақытжан Сағынтаев Сейфуллин даңғылын жезөкшелерден тазалауды тапсырған еді. 

Талқылау