"Демек полиция күресіп жатқан жоқ": Сағынтаев Сейфуллин даңғылын жезөкшелерден тазалауды тапсырды
Алматылық ер адам қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Сейфуллин даңғылының бойындағы жезөкшелер туралы шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сурет: Tengrinews.kz/Шоқан Алқабаев
Сағынтаевтың қаланың төменгі бөлігін аралауы барысында Түркісіб ауданының тұрғындарының бірі Сейфуллин даңғылының бойындағы жезөкшелер туралы шағымданды. Ол полиция жұмысының нәтижесіздігін айтты.
Өз кезегінде қала әкімі қалалық полиция департаментінің басшысына даңғылды жезөкшелерден тазартуға тапсырма бергенін жеткізді.
«Егер нәтиже болмаса, демек олардың күресіп жатпағанын аңғартады. Демек қамқоршылық жасайды. Бүгін полиция департаментінің басшысы тазартуды бастауы керек. Егер түнде, ертең, бүрсігүні жезөкшелер пайда болса, маған жазыңыздар», - дейді қала басшысы.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды