Алматыда сауда орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды
Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

«25 мамырдан бастап Алматыда қонақүй кешендерінің, тамақтану орындарының, сауда орталықтарының, (сауда және ойын-сауық орталықтарының) және сауда үйлерінің кезең-кезеңімен ашылуы қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады», - делінді қала әкімшілігінің хабарламасында.
Бұған дейін 18 мамырдан бастап Алматыда туроператорлардың қызметіне шектеулер алынып тасталғаны хабарланған болатын. Ұялы телефонның абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және қаржы секторының басқа ұйымдары толықтай жұмысқа орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын орталықтары қашаннан бастап жұмыс істейді?
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы