Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Qozgan inc." қаржы пирамидасы анықталып, басшылары ұсталды

Алматы қаласында "Qozgan inc." ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Qozgan inc." ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. ЖШС инвестициялық компания атын жамылып, Қазақстан Республикасының тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысып келген. 

"Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

Қазіргі уақытта "Qozgan Inc." компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады", –  делінген агенттік мәліметінде.

Талқылау