Алматыда "Qnet" қаржы пирамидасын басқарған күдікті ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында "Qnet" қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Qnet" қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.
“Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада осындай қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталған болатын.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”