Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция автобусы жеңіл көлікті қағып кетті

Алматыда полиция автобусы қиылыста жеңіл көлікті қағып, жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, жеңіл көліктегі жігіт бағдаршамның сары түсі жанғанда өтпек болған.

"Үйімнің терезесінен жан түршігерлік апатты көріп отырмын. Кейін келген полицейлердің айтуынша, жігіт жыпылықтаған бағдаршамның "сары" түсінде автобус уақытынан сәл ертерек қозғалған. Жігіттің үсті-басы қан. Қайта тірі қалғаны қуантады. Оны көліктен сүйреп шығарып жатқан адамдарды көрдім.

Ертең бәріне жігітті кінәламас үшін, камерадағы жазбаны көпшілікке көрсетсе деймін. Негізінде жыпылықтаған сары түстен өтпей күткені дұрыс еді", – деді желі қолданушысы Евгений Мухамеджанов. 

Деректерге сенсек, тұрақта тұрған "Subaru" көлігі де қатты зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Бүгін сағат 07.40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет көлігінің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды", – делінген хабарламада. 

Талқылау