"Жұмыстан шығарып жіберген": Алматыда полицейдің мұнарадан секіргісі келген сәті видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желіде Алматыда полицей формасын киген ер адамның өзіне қол жұмсамақ болған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Кадрларда полиция формасын киген ер адамның электр сымының бағанасында тұрғанын көруге болады.
“Полиция қызметкері мұнарадан секіргісі келеді. Мұнда құзырлы органның көліктері жиналып қалды. Оқиға Розыбакиев пен Жамбыл көшесінің қиылысында болып жатыр”, – дейді видео авторы.
Желіде тараған видеоға қатысты Алматы полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Полицияның мәліметінше, видеодағы қызметкер қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылған.
"Оның қызметін қалпына келтіру туралы талаптары бірнеше инстанциялардағы соттарда қаралды және өзгеріссіз қалдырылды", – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды