Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер азамат автобустағы әйелге пышақ ала жүгірген (видео)

Алматыда пышақ ұстаған ер адам автобусқа кіріп, жолаушы әйелдердің біріне шабуыл жасаған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны әлеуметтік желіде таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Кадрлардан ер адамды өзге жолаушылардың тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Шабуыл жасаған адам өзінің ұры емес екенін дәлелдемек болған. Тіпті жала жапқан адамды өлтіретінін айтқан. 

Видео сипаттамасында оқиғаның 7 ақпанда болғаны жазылған. 

"Автобуста отырғанбыз, бір сәтте әйел жүгіріп кірді. Артынан пышақ ұстаған ер адам келді. Әйел ер адамның телефонын ұрлап кеткенін айтып, айқайлай бастады. Ал шабуылдаған адам пышақпен қорқытты. Автобуста дүрбелең басталды. Мұндай адамды қоғамнан алшақтату керек. Бұған құзырлы органдар назар аударады деп сенемін", - деп жазды куәгерлердің бірі. 

Полицияда аталған дерек бойынша шағым түспегенін мәлімдеді. Дегенмен полицейлер оқиға қатысушыларына іздеу жариялады. 

"Барлық ауданды тексердік, 102 пультіне хабар түспеген. Дегенмен Полиция департаменті видео жарияланған уақытта тиісті тергеу шараларын тағайындады. Криминалды полиция аталмыш оқиғаның хронологиясын белгілеуде және жанжалға не себеп болғанын анықтап жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Талқылау