Алматыда өрт шыққан пәтерден әйелдің денесі табылды
1 мамыр күні таңғы уақытта Әуезов ауданы 7-ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шықты. Тұрғынүйдің 4-қабатындағы пәтер өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/almaty_tjd
“Өрт кезінде үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам эвакуацияланды. 1990 жылы туған азамат №7 клиникалық аурухана жатқызылды және пәтерден 1997 жылғы әйелдің денесі табылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 48 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылды. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын сағат 05:52 шамасында түгелдей сөндірілді. Тергеушілер мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыдағы Wildberries қоймасынан өрт шыққаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"