Алматыда медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір тәулікте аталған аурухананың 110 дәрігерінен коронавирус табылған. Қазіргі таңда аурухана карантинге жабылған.
Ал жұмыстан өз еркімен шығуға өтініш берген бас дәрігердің әріптестері оны қайтаруды талап етті.
Бұған дейін коронавирус жұқтырған дәрігерлердің президентке жазған хаты әлеуметтік желілерде пайда болды. Олар Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзіне шағымданды. Сонымен қатар, жағдайды дұрыс тексеруді сұрады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған