Алматыда курьер тауарларды алушыларға жеткізбей, өзі иемденіп отырған
Алматыда курьер тауарларды алушыларға жеткізбей, өзі иемденіп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Полицияның хабарлауынша, курьер тауарды жеткіземін деп алып кетіп, тапсырыс берушілерге табыстамаған. Зардап шеккендер полицияға шағым түсіргенге дейін курьер өзінің құйтырқы әрекетін жасауды тоқтатпаған.
“28 жастағы курьер анықталып, ұсталды. Тергеу айғақтарды анықтап, ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ол Өзбекстан азаматы болып шықты.
Аталған фактіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі