Алматыда коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған коронавирустың соңғы екі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірінші жағдай - бұл 1998 жылы туған студент қыз. Ол бізге 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келді. Екінші жұқтыру - 1974 жылғы әйел, Мәскеуден Алматыға 10 наурызда ұшып келді. Олар стационарда карантинде. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді, олардың ішінде Алматыда - 17 адам, Нұр-Сұлтанда - 18 адам.
Еске сала кетейік, Алматыда коронавирустың тағы екі жаңа оқиғасы анықталғаны хабарланды.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды