Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоқыс шығару 30% қымбаттады

Алматыда қоқыс шығару тарифі 30 пайызға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жаңа нормаларын бекітті. Тұрғындар үшін бұл бір тұрғынға 2,33 текше метрді құрайды. Қазір жеке тұлғалар үшін норма жылына 2,9 текше метр. Сонымен қатар, әлеуметтік, мәдени, өндірістік, сауда және басқа да нысандарға жаңа стандарттар есептелді. Ал тарифтер осы стандарттар бойынша есептеледі.

Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Мирас Гайсиннің мәліметінше, мамыр айынан бастап тұрғындар үшін қоқыс шығару бағасы айына бір адамға 718,5 теңгені құрайды. Қазір алматылықтар әр адамға ай сайын 553 теңге төлейді. Кәсіпорындар үшін қалдықтарды шығару бағасы бір шаршы метр үшін 2 888,46 теңгеден 3 303,9 теңгеге дейін өспек.

Гайсиннің айтуынша, бағаға қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының стандарттары ғана емес, сонымен қатар нарықтың барлық қатысушыларының шығындары: жинау және шығару, сұрыптау, жою және түзілетін қалдықтардың жалпы көлемі де әсер етеді.

Қазірг Алматы қаласында 21 қоқыс жинайтын ұйым жұмыс істейді. 2024-2025 жылдары 671 контейнер алаңында 2905 көмілген контейнерлерді ауыстыру және орнату жоспарлануда. Жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайды.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, Алматыда коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тұрғын үй көмегін алып отырған 315 430 әлеуметтік осал топ өкілі тұрады. 1 мамырдан бастап олар қоқыс үшін 0,05 АЕК (184,6 теңге) көлемінде қосымша өтемақы алады.

Талқылау