Алматыда қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс жасайтын болды
Алматыда сейсенбі 29 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктер қалыпты режим бойынша жұмысын жандандырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыдағы қоғамдық көлік 6:00-ден 23:00-ге дейін қалыпты режимде жұмыс жасайды", - деп хабарлады қаланың көлік холдингі.
Сонымен қатар, Алматы метросы 29 қыркүйектен бастап 6:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір сақатқа қысқарған.
21 тамыздан бастап Қазақстанда карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталған болатын. Сонымен қатар, қаланың бас санитарлық дәрігері қала маңындағы пойыздардың қызметін жандандыруды тапсырды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар