Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Храпунов заңсыз иемденген ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы прокуратурасы қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов заңсыз иемденген жедел медициналық көмек кешенінің бір бөлігін қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін қайтарып алды”, – делінген ақпаратта.

15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Жедел медициналық көмек" мүліктік кешенінің бір бөлігін жеке меншікке беру туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі күшіне енгені айтылады.

“Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды. Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды”, – деп қосты прокуратура.



Храпунов 1997-2004 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Храпунов, оның әйелі Ләйлә және кейбір туыстары іздеуге жарияланған. 2021 жылдың қаңтарында Виктор Храпунов саяси баспана алды.

Оларға "қылмыстық топ құрды", "алаяқтық" және "пара алды" деген айыптар тағылған. Жалпы шығын 250 миллион доллардан асады.

Бұған дейін Виктор Храпунов лай көшкінінен көз жұмған төрт адамның өліміне бұрын Алматы әкімі болған Бауыржан Байбектің шешімі себеп болғанын айтқан.

Талқылау