Алматыда екі троллейбус жүргізушісінің төбелесі видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желіде екі ер адамның төбелесін түсірген куәгерлердің видеосы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qumash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Оқиға Алматыда болған. №1 және №12 троллейбустың жүргізушілері көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Көшедегі адамдар екі ер адамды ажыратуға тырысып жатқаны видеода көрінеді.
Белгілі болғандай, олар бір-бірімен жарысып, жолға таласып қалған.
Полицейлер “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік іс қозғады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған