Атырауда белгісіз ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
5 наурызда түстен кейін №22 автобуста ер адам жол ақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге шабуыл жасады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Абырой болғанда көлік тоқтап тұрғандықтан қайғылы жағдай болған жоқ.
"СмартАтырау" КММ директоры Арслан Ароновтың айтуынша, оқиға салдарынан ер адам бетінен жарақат алған.
"Жүргізушінің беті, иегі, бір көзі ісіген. Бұзақы қашып кеткенімен, полиция оны қолға түсірді. Шабуылдың себебі қарапайым, жүргізуші оған жол ақысын төлеуді талап еткен, ол ренжіп қапты. Өкінішке қарай, бізде тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар ол валидаторды бұзды. Енді қалпына келтіруі керек", – деді Арслан Аронов.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Кеше Алматыда автобус әйел мен баласын қағып кеткенін жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған