Алматыда екі қыз тұрғындардың атына несие алдырып, оны жауып береміз деп уәде еткен
Алматыда полиция несие беру саласында алаяқтық жасады деген күдікпен екі азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер, 19 және 30 жаста, интернеттегі платформаларда өз қызметтерін тұтынушылық және тауарлық несие алуға көмек ретінде ұсынатын жарнамалар жариялаған.
Клиенттерге қыздар несие рәсімделген соң ақпарат тіркелмейді, қарыз өзінен-өзі жоғалып кетеді деп айтқан.
Содан кейін 1 миллион теңге сомасында несие рәсімдеп, оның 100 мыңын жәбірленушілерге берген, қалғанын өздеріне қалдырып отырған.
Тергеу аясында олардың алаяқтықтың сегіз фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.
“Аталған факті ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық-алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Жетісу аудандық ПБ тергеушілеріне тапсырылды”, – деді Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов