Алматыда деструктивті ағым өкілінен қару-жарақ тәркіленді
Алматыда деструктивті ағымды жақтаушылардың бірінен қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.
"Алматы қалалық полиция департаменті 1988 жылы туған азамат И. деструктивті діни ағымның өкілі екенін хабарлайды. Одан 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оған арналған 7 патрон тәркіленді", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдаудың мән-жайы анықталады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған