Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда блок-бекеттер орнатыла ма? Жандарбек Бекшин жауап берді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың «қызыл» аймаққа кіруіне және карантиннің күшейтілуіне байланысты Алматы маңында бақылау-өткізу бекеттері қойыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин Atameken Business эфирінде сөйледі.

«Бүгінгі күні критерийлер әзірленді және қазіргі кездегі сырқаттану Алматы қаласының периметрі бойынша жол тосқауылдарын орнатуды, сондай-ақ әуе қозғалысын шектеуді білдірмейді. Қолданыстағы шектеу шаралары инфекцияның таралуын болдырмауға жеткілікті», - деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, карантин Алматыда 1 ақпаннан бастап күшейтіледі. Сауда орталығы демалыс күндері жұмысын тоқтатады. Кинотеатрлар мен театрлар жабық болады. Базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы шектеулі болады.

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар не үшін жабылатынын түсіндірді.

Талқылау