AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: Мектепте бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Алматыдағы бірінші сынып оқушысы зорланған жекеменшік мектепте арнайы комиссия көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Білім мекемесін тексеру үшін балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы мен Білім министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі келді. Мектепте қауіпсіздік шаралары, санитарлық-гигиеналық және басқа да ережелер сақталмаған болып шықты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот

“Бейнекамералар бойынша бірқатар заңбұзушылықтар, санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы бар. Сондай-ақ мектепті жарықтандыру, құжаттаманы жүргізу бойынша да. Оқу-тәрбие процесінде де бірқатар бұзушылықтар анықталды. Ал бүгінде істің барлығы білім сапасын бақылау комитетіне берілді” – дейді Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.



Еске салсақ, білім мекемесіне қатысты айып ата-аналардың бірі бірнеше күн бұрын таққан еді. Бірінші сынып оқушысының әкесі ұлының денесінен көгерген жерлерді байқаған, кейін оның киімінен ақ түсті белгісіз дақтарды байқаған.

Жауап алу кезінде бала жоғары сынып оқушыларының өзін бірнеше рет қорлағанын және сабақ кезінде мұғалім оны кабинеттен шығарып жібергенін мойындады. Ер адам оқу орнының басшылығымен кездесуге тырысқанын айтады, бірақ олар байланыс орнатудан бас тартқан.

Әкесінің айтуынша, баласын мектеп әжетханасында зорлаған соң, ол полицияға жүгінген. Ер адам тек жоғары сынып оқушыларын ғана емес, олардың ата-аналарын да, мектеп директоры мен мұғалімдерін де жазалауды талап етеді. Қазір зардап шеккен баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр