AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бірінші сынып оқушысын зорлау: Мектеп мұғалімі баланың өзін айыптады

Алматыда жеті жасар баланы 7-сыныптың үш оқушысы жабылып, бірнеше рет мектептің дәретханасында зорлаған. Баланың әкесі мұғалім мәжбүрлі түрде баланы сыртқа шығарғанын алға тартты. Алайда мектеп мұғалімі баланың өзін айыптап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Наталья Қанаева

Наталья Қанаева

Оқу орнындағылар бұл мәлімет шындыққа жанаспайды деп, керісінше, қорлық көрді деген баланың өзін кінәләп шықты.

“Мен бұл баланы білемін. Менің сыныбымда оқымаса да, сырттай білемін. Менің балаларым оған бірнеше рет шағымданған. Ол балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсетеді. Ресми мәліметтерге сүйену керек. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттар бұрмаланып жазылған. Біз балаларымызды ешқашан қараусыз қалдырған емеспіз. Камерадан барлығын көруге болады”, – дейді  мектеп-балабақшасының мұғалімі Наталья Қанаева.

Бірінші сынып оқушысына жасалған зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілері өткен жылдың желтоқсан айында байқалған.



Жалғызбасты әке оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Айтуынша, 1-сыныпта оқитын кенжесіне 7-сыныптың оқушылары күн көрсетпеген. Ал осыдан бір ай бұрын ұлы мектептің дәретханасында 12 мәрте зорланғанын айтақанда, төбе шашы тік тұрыпты. 

“Мен бұл не деп сұрағанымда, бояу деді. Жұғып қалған бояуды тазалай бастағанда кетпей қойды. Мен бұл бояу емес, шыныңды айт дедім. Ол айта бастады. Жаңа жылдан кейін Рамазан мен Карим әжетханада осылай істеді деп шынын айтты. Кейін біраз уақыт өткесін, ірі біреуі бар, соны көрсете аламын деді. Оны бір аптадан кейін айтты. Олар – үшеу”, – дейді баланың әкесі.

Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындаған. Тергеу амалдын жүргізіп жатқан полиция  сараптаманың қорытындысының әлі шықпағанын айтты.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр