Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аударып, 680 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: KTK

Жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің дерегінше, Іле ауданының орта мектептеріне шын мәнінде жұмыс істемейтін адамдарды тіркеп, олармен келісіп жалақы аударып отыру арқылы 680 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

“Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы ретінде жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген”, – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдемесінде.



Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтеріне жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылып, өз-өзіне қол жұмсады

Талқылау