Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қаржы жымқырды деп айыпталған білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады

Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады. Деректерге сай, маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оtyrar” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.

“Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді полиция департаменті.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген. Экономикалық тергеу департаменті өзіне қол жұмсаған бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да жасырмады.



"Қазір Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

Ал білім басқармасы марқұм қызметкер туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ 17 ақпанда әлеуметтік желілерде небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл дерек әзірге ресми расталмады. 

Талқылау