Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес ай бойы 16 жастағы қызды алдап жезөкшелікке салған

Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілердің ұсталғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз

Думан Таев Алматыда орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол 16 жасар қызды алдау арқылы, желіде оның көрсететін қызметтерін жариялап, қызды сатқан. 

"Алматыда бес ай бойы 16 жастағы қызды алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер қыз туралы барлық ақпаратты желілерде жариялап, қандай қызмет көрсететіні туралы жазып отырған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 134 бабының "Кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікке тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Таев.

Сонымен қатар, мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркелген. 

"Қызылорда облысында бір апта бойы сексуалды эксплуатация жасау үшін келіншекті пәтерде ұстаған екі ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендерге арнайы мамандар қолдау көрсетіп жатыр", - дейді ол.

Талқылау