Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужнов өзінің полициядан қорлық көргенін мәлімдеді

Алматыда бес адамды атып өлтіргені үшін істі болған Юрий Дужнов полицейлерге айып тақты. Ол өзін полицейлердің соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Astana" арнасына сілтеме жасап. 

дужнов

Дужновтың сөзінше, полицейлер тұтқынға түсе салған уақыттан бастап өзін ұра бастаған. 

"Бірден ұра бастады. Ішкі істер департаментіне жеткенге дейін соққы алмаған бір секунд та болмады. Бөлімге алып келген соң да ұрды. Әдейі Әсет есімді азаматтың жанына орналастырды. Бұл іске қатысты ақпарат алу үшін жасалды, сонымен қатар суицидке итермелемек болды. Мүмкін түнде өлтіріп кетпек болған шығар, мұны білмеймін. Куәгерлер бар", –  деді Игорь Дужнов. 



Сот тыңдалымы кезінде іске қатысты жаңа деректер белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы Дужновтың қаруды сақтау және алып жүруге берілген рұқсатының мерзімі өтіп кеткенін мәлімдеді. Ал қаза тапқан азаматтардың туыстары айыпталушыдан материалдық өтемақы талап етті. 
Айта кетейік, бұған дейін Игорь Дужнов өзінің Донбасстағы соғысқа қатысқанын растаған еді. Ол Украинада “фашизммен күрескенін” айтқан. 

Талқылау