AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да зейнеткерді өлтірді деген күдікпен үш баланың анасы ұсталды: Заңгер нағыз қылмыскердің бостандықта екенін айтты

Зашағанда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен жазықсыз әйел қамауға алынды. Оралдық заңгер Базар Дүнеков осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Заңгердің (күдіктінің отбасының досы) сөзінше, 35 жастағы үш баланың анасы үлгілі отбасыдан шыққан. Ол істе қарама-қайшы фактілердің кездесетінін алға тартты.

"Айыптау актісінде ойдан шығарылған мәліметтер көрсетілген. Іс материалдарына сәйкес, күдікті марқұм Негметованы сағат 15:00-де Қазақауылда дүкеннің жанынан (ішінде камера болғандықтан, дүкеннің өзінде емес) көрген. Оның құлағынан үлкен сырға мен қолынан неке жүзігін байқап, соңынан ерген. Тергеу нұсқасы бойынша, жолға жарты сағат уақыт кетіпті. Бірақ ол жерде жалқау жүрістің өзінде дүкеннен үйге дейін 10 минутта жетуге болады. Үйіне кіріп, ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, пышақты алып, кеуде тұсынан жарақат салған. Бірақ тергеу әлі қылмыс жасалған қаруды анықтаған жоқ. Кейін әйелдің алтындарын шешіп алып, жатын бөлмесіне кіріп, жүзікті тауып  кетіп қалған. Өкінішке қарай, ол жақтан әйелді көрген куәгер табылмады", – дейді заңгер. 

Дүнековтің сөзінше, өзі арық әрі кішкентай бойлы күдікті зейнеткер өлтірілген жерге жақын тұрады, арасы шамамен 1,5 шақырым. Өзі үйіне жақын орналасқан жеке үйлердің бірінде тігінші болып жұмыс істейді. Күйеуі, кәмелетке толмаған үш баласы мен қарт енесі бар. Қамқор ана үйдің тірлігін де, жұмысты да үлгереді екен. 



Заңгердің айтуынша, тергеуші күдіктінің сағат 17:25-те мектептен бала алып кеткенін назарға алмай отыр. Мұны мектеп мұғалімі да растай алады. 

Ең бастысы, 10 наурыз күні алтындарын ломбардқа өткізгендіктен де, әйел күдіктіге айналып отыр дейді заңгер.

Ол іс бойынша тек бір куәгер, оның өзі Бөкейорда ауданында жұмыс істейтін полиция департаментінің қызметкері екеніне таңданды. 

"Куәгер 10-13 наурыз аралығында Оралда болғанын, әкесі қайтыс болғандықтан, жаназаға дайындалғанын атап өткен. 13 наурыз күні базарға барып, әйеліне сыйлық алмақ болыпты. Сонда күдіктіге ұқсас әйелді кезіктірген, ал ол бұл кісіні ломбардқа алып барған. Уақыт шамамен 16:00. Алтынды таңдау барысында ол сырғаларды суретке түсіріп, әйеліне жіберіп отырған. Сол кезде атышулы іс бойынша есепке тіркелген сырғаны байқапты. Ол Бөкейорда ауданына аттанып, бұл туралы басшылығына айтқан. Полиция қызметкері ломбардта  күдіктіні ұстауы керек еді, бірақ неге екені белгісіз, олай жасамаған. Неге сол сәтте күдіктінің қайда екенін хабарламады?" –  дейді маман. 

Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, күдікті 13 наурыз күні таңертең күйеуімен бірге Қазталов ауданына тойға аттанған. Бұған тойдағы фото-видеолар дәлел бола алады. Олар тойдан тек келесі күні, 14 наурызда қайта оралған.  

"Полицейлер күдікті бар делінген видеоны жариялады. Айрықша белгісі – күдікті аяғын маймаң басады. Қылмысты жасады дегее күдікті видеодағы әйелге мүлдем ұқсамайды. Оның бойы аласа, аяғының өлшемі  36 . Ал іс материалдарына сәйкес, кісі өлтірушінің аяғының өлшемі 39-40.

Күдіктіні 30 наурыз күні ұстаған. Қатаң заңбұзушылықтар орын алған. Күдіктіні кіреберістегі орындыққа отырғызып, қимылдамауға бұйрық берген. Үйде барлық заттардың астаң-кестеңін шығарған. Қоңыр түсті дақ түскен киімдер тапқан. Сараптама жасап, киімдерде кімнің қаны екенін анықтауды сұрадық, бірақ бұл анализді жасауға реактив жоқ болып шықты. Күтеміз!



Күдіктінің кісі өлімі кезінде және 13 наурыз күні қайда болғанын анықтайтын геолокацияны беруді сұрадық, бірақ тағы да оны жасауға ешкім асықпайды. Тағы бір кездейсоқтық бар. Бірер күн бұрын Зашаған аудандық бөлімшесіне фотороботтағы әйелге ұқсайтын кісі түскенін білдік. Бірақ ол күдіктінің қайда кеткені бізге белгісіз.  Оның фотосы бар, фоторобот екеуінде бір адамның бейнесі", – дейді заңгер.

Базар Дүнековтің пікірінше,  полицейлер жазықсыз адамды ұстап отыр. Ал нағыз қылмыскер әлі бостандықта жүр.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр