AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің де басымнан өткен": Қызылорда қаласы әкімдігінің бұрынғы қызметкері Мөлдір Бекееваның жағдайына қатысты пікір білдірді

Бірнеше жыл Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Балгүл Мамен өзіне қол салып, ауруханаға түскен Мөлдір Бекееваның жағдайына қатысты пікір білдірді. Жауапты маман бір кездері өзінің де қудалауға ұшырағанын, мемлекеттік қызметтегі әріптестерінің құйтырқы әрекеттерін зардап шеккенін айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балгүл Мамен мұндай жағдай оның да басынан өткенін айтады. Сөзінше, Шымкент ПД қызметкері өзіне қол салғаннан кейін мемлекеттік қызметте, органда, т.б барлық қоғамда болып жатқан проблеманың беті ашылуда.

“Кейде шыдамныңда шегі болады. Мөлдір жұмыс істеп жүрген ортасына сай одан сайын қасқыр болуы керек еді. Дей тұрғанмен қыз бала ғой, тым нәзік. Нәзік бола тұра ондай ортада жұмыс істеудің өзі батылдық. Қоғаммен байланыс орнатып, жанталасып жүрген қызды ең болмаса әріптестері жығылғанға жұдырық етіп үсті-үстіне таламау керек еді… Әттең барлық жерде бар екен...”, – деп жазды Facebook парақшасында ол (автордың тыныс белгілері сақталған – ред.). 

Бұған қоса ол мұндай жағдайға байланысты дұрыс тексеру жүрзбейді деп құзырлы органдарды сынға алды. 

“Бірін бірі аңду, сату, моральдық тұрғыдан қыспаққа алу, қызғаныш, көреалмаушылық, әңгіме-сөз, өсек, бітпейтін интрига өте көп. Айналдырған 3-4 адамның құйтырғы әрекеті жан-жағымнан шыр айналдырсада да ата-анам, бауырларым мен әріптестерім, достарымның қолдауының арқасында ситуациядан аман-есен шығып, мықты болдым.  Барлық жерде мемлекеттік қызмет істер агенттігі, еңбек инспекциясы, т.б. бар да бірақ осындай да жұмыс деңгейі қаншалықты екені көрініп қалады… Міндетті түрде бір жағдай орын алғанда иа болмаса ушыққанда тексеріс жүргізбей, профилактика жасап тұрғандары жөн еді”, – деп қосты ол.

Айта кету керек, Балгүл Мамен Қызылорда қаласын Нұрлыбек Нәлібаев басқарған тұста баспасөз хатшы қызметін бірнеше жыл атқарып, шаһар басшысы болып Ғанибек Қазантаев тағайындалғаннан кейін жұмысын ауыстырған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр