Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын кісі өлтіргенін жасыру үшін өрт қойған

Алматылық тұрғын бірге ішімдік ішкен досын өлтіріп, кейін оны жасыру үшін үйге өрт қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polsia.kz порталына сілтеме жасап.

 

Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шығып, кешкі тоғыздар шамасында “101”-ге шұғыл хабарлама келген. 

"Бөлмелердің біріндегі өрттің алдын алғаннан соң зорлық-зомбылық пен өлімнің анық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кейін дене үйдің иесі38 жастағы азаматтікі екені белгілі болды . Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген ол денсаулығына байланысты бірнеше ай бойы еш жерде қызмет атқармаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағына еніп өткен пышақ жарақаты мен дененің күйіп қалуы себеп болған.  Тергеу барысында кінәлі деп 44 жастағы азаматша анықталды. Ол қылмыс жасамас бұрын өлтірілген ер адамға қонаққа барған", – деді Түрксіб ауданы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Деректерге сәйкес олар ішімдікке мастанып, араларында жанжал шыққан. Нәтижесінде үй иесі бірнеше пышақ жарақатын алып, қаза тапқан.  

"Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті өрт шығарған. Аталған фактімен 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам ас үй пышағын бірінші болып үй иесі алғанын, өзіне соққылар жасағанын айтқан. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады", – деп түйіндеді сөзін Жаңабаев. 

Талқылау