AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Алматыда астана күніне орай Бекзат Саттарханов атындағы "Бокс әлемі" спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кешеннің ашылуына аудан әкімі Сайран Сайфеденов қатысты. Ол жас спортшыларды мерекелерімен құттықтап, оларға сәттілік пен үлкен жеңістер тіледі. Кешен "Юность" кинотеатры ғимаратының орнында пайда болды. Екі қабатты спорт кешенінің бокс залы – 200 шаршы метр. Сонымен қатар би және гимнастика залдары бар.

"Осы ғимаратты бізге бергені үшін Әуезов ауданының әкімдігіне рақмет. Ол 15 жыл бос тұрды. Біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Барлығы 33 млн теңге инвестиция салынды. Бұл әлеуметтік жоба. Келушілердің арасында қазірдің өзінде қалалық және республикалық чемпионаттардың жеңімпаздары бар. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына үлкен жеңілдіктер болады", – деді спорт кешенінің директоры Бағдат Сырлыбаев.

Спорт кешені барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бокс залында бір уақытта 30 адам жаттыға алады. Мұнда жаңадан бастаушылар да, кәсіпқой боксшылар да келе алады. Болашақта залда үлкен жарыстар өтеді.

Бұл жобаның мақсаты – спортпен шұғылдануға және дене шынықтыруға қолайлы жағдайлар жасау, тұрғындар арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, адам өмірінің сапасын жақсарту.


 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр