Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда енді аз қабатты ғимараттар көбірек салынбақ

Алматыдағы құрылыс нысандарын егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасына сәйкес, енді қалада аз қабатты құрылыс басым болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay.com

"Құрылыс салушылар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына назар аудару керек. Олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы талабына сәйкес, алты қабат сала алатынын ескеріп, эскизді келісіп, мақұлдағаннан кейін жобаны жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты ғимараттың нөлдік бұрыштарында тоғыз қабатты ғимараттар сланыған жағдайлар болған. Жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында біз мұндайға жол бермейміз және бұл аймақтарды рекреациялық орындарға айналдырдық, ол жерге ешкім жаңа құрылыс тұрғыза алмайды. Қаланың өз ережелері бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмірин жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы таныстырылымында.

Айта кетейік, жаңа жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін қалада саябақтарды, скверлерді, бульварларды қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектер алаңын үш есеге ұлғайту көзделіп отыр.

Бұған дейін алматылықтардың жер сілкінісін сезгенін жазған едік.

Талқылау