Алматыда әйел күйеуін көлікпен қағып, өлтіріп қойды
Алматы қаласында орналасқан Алатау ауданындағы жекеменшік үйдің тұрғыны Merсedes көлігімен үй ауласынан шығуға талпынып, күйеуін қағып кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Көлігімен ауладан шықпақ болған әйел күйеуін қағып кетті. Ер адам ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. ЖКО шамамен сағат 22:30-да орын алған.
Мәліметтер бойынша, "Алтын Алма" атты бақ шаруашылығы қоғамында орналасқан үйдің иесі көлігіне мініп, кетіп қалғысы келген. Күйеуін қағып кеткен әйелдің сөзінше, ол өзінің жұбайына кесірін тигізуді ойлаған жоқ.
Әйел көлікке мінгенде ол темір тұлпардың алдында жүресінен отырған. Әйел газ бен тежеуішті шатастырып, кенеттен алдыға жүріп кеткенде ер адам дөңгелектердің астында қалып қойған.
Жағдайды түзеу үшін артқа жүруге талпынған жүргізуші күйеуін тағы да бір рет қағып кеткен екен. Ауыр жарақаттарды алған ер адам ауруханада көз жұмды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді