Алматыда автобус тұрақта тұрған көліктерді басып өтті (видео)
Алматыда автобус жол бойында тұрған екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 20 қазанда таңғы сағат 5.50-де болған. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"1982 жылы туылған жүргізуші автобусты басқарып, Мустафин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Орбита-1 шағын ауданындағы 21 үйге қарама-қарсы бағытта келе жатып, тоқтаған кезде жол бойында тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттың нәтижесі туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр