Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлдекімдер торт жеткізуші курьер ретінде келіп, жүкті әйелді ұрып-соққан

Алматыда белгісіз ер адамдар торт жеткізуші курьер ретінде жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, жүкті әйелге күш қолданған. Кейін әйелді соққыға жыққан. Артынша ер адамдар оның жеке пәтеріне еркінен тыс баса-көктеп кіріп, қорқытып-үркіту арқылы отбасы мүшелеріне де дене жарақатын салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Оқиғаның "Нұрлы дала" тұрғынүй кешенінде болғаны көрінеді.

Видеода егде жастағы әйел күдіктілердің тоқтамай, мәселені түсіндіруден қашып бара жатқанын айтады. Кадрдан әйелмен қатар жергілікті полицейдің қоса күдіктілердің артынан бара жатқанын байқауға болады.

"Күдіктілер қашып бара жатыр. Экипаж шақырттық. Полиция бөлімшесіне де бармай отыр. Қашты екеуі, үшіншісінің қайда кетіп қалғаны белгісіз. Не аты-жөнін, не үшін бұлай істегендерін айтпайды. Шақырған полицияны менсінбей кетіп бара жатыр", – деді видеодағы әйел.

Дегенмен соңында күдіктілер тоқтап, полиция бөлімшесіне өз аяғымен баратындарын айтады. Алайда полиция экипаж мүшелерін күту керек екенін айтып, талап етеді. Соңында курьер ретінде келген ер адамдардың қолында торт болмай шықты.

Олар, керісінше, полицейге сес көрсетіп, арызданушының жалғыз өзі бөлімшеге бара беруін талап етеді. Жәбірленушілер ер адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы тұруға тырысқанымен, жағдай ушығып кеткендіктен Наурызбай аудандық полиция басқармасына жүгінуге мәжбүр болды. 

"Міне, ер адам курьер ретінде алдау жолымен келгенін және жеке меншік аумаққа кіргенін мойындап тұр", – деді видео авторы.

Бұл мәселенің жай-жапсарын білу үшін Алматы полиция департаментіне хабарластық. 

"Бұған қатысты арыз-шағым түспеген. Толығырақ зерттеу жүргізу үшін арызданушының аты-жөнін табу керек", – деп жауап берді полиция департаменті.

@now.name459 #продвигаем# Казахстан#алматы#алатаускийрайон#беспредел ♬ оригинальный звук - Now name
Талқылау