Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешенінің сыртқы жарықтандыру жүйесінен өрт шықты
Фото: ТЖМ
8 ақпан күні кешке Бостандық ауданында Әл-Фараби даңғылы бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйдің бірінші қабат деңгейіндегі сыртқы қаптамасы жанған.
“Жағдай бақылауда. Конструкцияны бөлшектеу және ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп хабарлады ТЖМ.
Кейін өрт оқшауланып ТЖМ күштері жоғарғы қабаттардан 36 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 6 бала бар.
“Өрт сөндірілді. Алматы қаласының Бостандық ауданында, Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешенінде сыртқы жарықтандыру жүйесінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан бірінші қабаттағы жылу оқшаулағыш материалдар өртенді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады