Алматыда 32 жастағы әйел 10-қабаттан секіріп кетті
Алматыда 32 жастағы әйел 10-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экпресс К” басылымына сілтеме жасап.

Сурет: exk.kz сайтынан
Басылым мәліметінше, оқиға қаладағы “Алма Сити” тұрғын үй кешенінде болған. Куәгерлер сөзіне сенсек, әйел анасы супермаркетке шыққан кезде жоғары қабаттан секіріп кеткен.
Қазіргі таңда оның мұндай қадамға не үшін барғанын арнайы тергеу тобы анықтау үстінде.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның 1990 жылы туған азаматша екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда тұрғынның өлімі бойынша ҚР ҚК-нің 105-ші "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғалған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды