Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік мақсатқа сатып алынды
Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл жер учаскелері мектеп, емхана мен саябақтар салу үшін қажет.
Жалпы мына жобалар бойынша сатып алу жұмыстары аяқталды:
- Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
- Бостандық ауданында жайлы мектеп салу, Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана;
- Абай-Тұрғыт Озал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру;
- Бостандық ауданындағы "Молодежный" саябағын салу;
- Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша;
- Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және тағы басқа жобалар.
"2023 жылы қалада жер комиссиясының 4-отырысы өткізіліп, 2 818 өтініш қаралды. Алматы қаласы әкімдігінің 1 478 жеке тұлғаға және 2 448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га", – делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін депутат Абзал Құспан Алтай Көлгінов әкім болған кезде заңсыз жер учаскелерін беруге қол қойғанын айтқан еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы