Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 170-тен астам адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталды

 Алматыда 170-тен астам адамды миллиондаған теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 және 22 жастағы екі ер адам төмен пайызбен ірі көлемде кредит рәсімдеуге көмектесеміз деп жалған ақпарат таратқан. Олардың халықты "алдау жоспары" өте қарапайым болған.

"Күдіктілер азаматтарға жылдық 6 пайызбен ірі көлемде кредит алуға көмектесеміз деген. Бірақ ол үшін несие тарихы таза болу керек. Алаяқтардың шарты бойынша тұрғын кез келген тауарлық кредит алып, "сатып алынған" тауарды қайта сату арқылы несиені тез өтеу қажет болған. Бұл тауарды екі күдікті өздеріне алып, басқаларға сатқан және табысты өзара бөлісіп алған", - дейді деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Осылайша күдіктілер бір жыл бойы талай адамды сан соқтырып келген. Алданып қалған азаматтар таяуда ғана полицияға арыз берген. Алаяқтар ұсталды.

Қазіргі күні 173 алаяқтық дерегі анықталды. Қылмыстық дуэт әрбір жәбірленушіден 1,5 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін пайда көрген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау