Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағына келген екі адам қоршауды аттап өтіп, жолбарысты ызаландырған

Алматы зообағында екі жас жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

jolbarys

Зообақ әкімшілігі бұл туралы Instagram парақшасында мекеме әкімшілігі хабарлады.

“Зообағымызда 7 мамыр күні өте бір қолайсыз жағдай орын алды.Ол екеуі жануарға әлде бір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған. Өкінішке қарай, біздің қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені зообақ аумағы үлкен – 21 гектар жерде орналасқан”, – деді мекемеде.

Өз кезегінде зообақ әкімшілігі жануарларға қатысты осындай дөрекі іс-әрекеттерге жол берілмеу керектігін айтты.

“Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылуда. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алатын болады.
Зообақ – бұл біздің жануарларымыздың үйі. Сондықтан хайуанаттар бағына келгенде барлық талап-ережелерді сақтауды талап етеміз.

Осындай жағдайларды болдырмай, алдын алу үшін зообаққа келушілерден басқалардың тәртіп сақтамай, ереже бұзған оқиғаларына куә болған жағдайда дер кезінде зообақ қызметкерлеріне хабарлап айтуын сұраймыз”, – деп жазды әкімшілікте.
 

Талқылау