Алматы тағы да "сары" аймаққа түсті
Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша тағы да "сары" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарияланған кестеге сәйкес, Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр. "Сары" аймақта Алматыдан басқа Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Барлық қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
Еске салайық, 22 желтоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 733 адам тіркелді, оның 88-і Алматы қаласының тұрғыны.
Елімізде барлығы 148 708 жағдай расталды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр