Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы прокуратурасы тұрғындарды 31 мамырда заңсыз митингіге қатыспауға шақырды

Прокуратура қала тұрғындарын заңсыз шерулер өтсе оған қатыспау керегін ескертті. Себебі, ол митингілер заңсыз, келісілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратура қазақстандықтардан арандатушылыққа салынып,  21 қыркүйек күні митингіге шықпауды сұрады

Прокуратура әлеуметтік желілерде ағымдағы жылдың 31 мамырында жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер мен шерулерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер кеңінен таралып жатқанын хабарлады. Әрі азаматтарға бұл ақпарға сеніп, ілесіп кетпеу керегін ескертті. Себебі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 

“Бұл күндері Алматы қаласында қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмеді. Осыған байланысты, жалған хабарламалармен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын ескертеміз. Өкінішке орай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алып келуде”, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ведомства заңсыз шеруге шығу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылыққа алып келетінін ескертті. Бұл 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғады.

Талқылау