Алматы-Петропавл бағытындағы пойызда ер адам қызды зорламақ болған
10 ақпанда Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызында Ұлттық ұлан сарбазы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

6637 әскери бөлімінің қызметкері, майор еркін Жантурин көрші купеден қыздың көмекке шақғырған дауысын естіген. Қызға көмектеспек болған ол купеге барғанда есікті әлдекімнің жауып тұрғанын көрген.
Есікті күшпен ашқан әскери қызметкер ер адамды ұстапты. Кейін қыз әскериге купеде бірге келе жатқан ер адамды танымайтынын жеткізіпті.
"Оқиға кешкі уақытта орын алды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым”, – деді майор Еркін Жантурин.
Қазіргі таңда қызды қорламақ болған 36 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалған. Күдікті – Қарағанды облысының тумасы.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар