Алматының қақ ортасында танысы қызды қан-жоса етіп ұрып кеткен
Алматының орталығында қыз аяусыз соққыға жығылды. Оқиға Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы жерде болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Inalmaty.kz жариялаған видеода қансыраған қызды тағы бір жас қыз жерден көтеріп, көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствода аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Күдікті жәбірленушінің танысы екені анықталды, қазіргі уақытта ол ұсталған. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан