Алматы облысының тұрғындары "мүгедек манекенді" көріп шошыды
Алматы облысы Әймен ауылындағы жол бойына қойылған сынған макет тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрініс әлеуметтік желілерде жарияланды. Әймен ауылының тұрғындары мүгедек манекенді көріп наразылық танытты. Кез келген жүргізуші мұндай қорқынышты көргенде еріксіз жылдамдықты баяулатады. Алайда бұлай балалардың санасын жарақаттауға бола ма?
Облыстық полицейлер сынған макеттің жаңасы ауыстырылғанын түсіндірді.
“Бұл манекенді белгісіз адамдар белгісіз жағдайда бұзған. Қазір макетке зақым келтіру фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Манекен Әймендегі орта мектептің жанында орналасқан. Қазіргі уақытта сынған манекен жаңасына ауыстырылды”, – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Еңбекшіқазақ ауданында автомобиль жолдарының бойында балалар бейнеленген барлығы 86 макет қойылған.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек