Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі ауруханадан шықты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы әкімнің өзі жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баталов

"Бүгін мен ауруханадан шықтым. Маған қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдіргім келеді. Әсіресе, дәрігерлерге үлкен алғыс. Олар қанша адамды өлімнен арашалап қалып жатыр. Енді сіздермен бірге пандемиямен күресу үшін жұмысқа кірісемін. Тек күш біріктірсек қана бұл қиындықты өткереміз. Жақындарыңыз бен өздеріңіз аман болыңыздар", - деп жазыпты Баталов. 

Еске салайық, бұған дейін әкімнің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Кейіннен оның жағдайы нашарлап, Нұр-Сұлтандағы ауруханаға жатқызылған. Әкімнің ауруханада жатуына байланысты әлеуметтік желіде аймақ басшысы көз жұмды деген жалған ақпарат та таралып кеткен. 

Талқылау