Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Өкінішке орай, әкімнің COVID-19-ға тапсырған соңғы ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. COVID-19 белгілері клиникалық көрініссіз жүреді (асимптоматикалық). Амандық Баталов оқшауланды, емдеуден өтіп жатыр, қашықтан жұмыс істейді", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны белігілі болған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ