Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды
Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Елбасының ресми сайтында ақпарат жарияланған. Хабарламада еліміздің Тұңғыш Президентінің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендігі жазылады. Қазіргі таңда Елбасының денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ дейді олар.
"Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда", - делінген Елбасының ресми сайтында.
- Дариға Назарбаева отставкадан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
- Тоқаев: "Биыл Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойын тойлаймыз және оның еңбегі туралы айтатын боламыз"
Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің арасында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бұрын коронавирус жұқтырған
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген