Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда вице-премьер министр коронавирус жұқтырды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ералы тоғжанов

"Құрметті қазақстандықтар! Маған да оқшаулануға тура келіп тұр. Инфекция жұқтырып алмау үшін қанша тырысқанмен болмады. Менен коронавирус инфекциясының симптомсыз түрін анықтады.

Тезірек сауығып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын. Осыған орай, біздің азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауға - бетперде киіп, антисептик қолдануға, үнемі қол жуып, гигиена ережелерін сақтауға шақырамын. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!"- деп жазды Тоғжанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "барлық қатаң санитарлық шараларға қарамастан" коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. 15 маусымда кешке министрдің денсаулық жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр